Павлодарда теннис орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда теннис орталығы ашылды

Павлодарда теннис орталығы ашылды

Павлодарда Жаңа жыл қарсаңында жаңа спорт кешені - «Энергетик» теннис орталығы ашылды.

  • 30 Желтоқсан 2010
  • 409
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға қатысқан Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін энергетиктерге алғыс айтты.

«Біз бизнеспен одан әрі де жемісті ынтымақтастықта болатынымызға сенемін, — деді аймақ басшысы. — Қалада «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге және жаттығуға мүмкіндік беретін қазіргі заман талабына сай бокс орталығын салуда».

«Энергетик» теннис орталығы республикамыздағы ең ірі спорт кешендерінің бірі болмақ», — деп атап өтті «Павлодарэнерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Әмірханов. — Алаңдардың жалпы саны жетеуге дейін жеткізіледі».