«Тобыл» футбол клубында Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тобыл» футбол клубында Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

«Тобыл» футбол клубында Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы бүгін Түркияда маусымаралық екінші оқу-жаттығу жиынын бастады. Қазақстан чемпионының «Достастық кубогы» қарсаңындағы соңғы әзірлігі 13 қаңтарға дейін созылады.

  • 5 Қаңтар 2011
  • 542
Фото - Caravan.kz

Ал келесі күні олар аталмыш жарыста ел намысын қорғау үшін ұшақпен Антальядан Санкт-Петербургке («Анталья — Мәскеу — Санкт-Петербург») ұшып келеді.

Алғашқы жиын 19-27 желтоқсан күндері өткен болатын. Онда қостанайлықтар 4 жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойындарда Подольсканың «Витязь» клубынан 0:2 есебімен ұтылып, Набережный Челновтың «КамАЗ» (Ресей) клубын 2:1, Түркияның «Тепотспор» командасын 12:2 есебімен жеңіп, тағы бір ресейлік клуб Воронеждің «Факелімен» (Воронеж) 1:1 есебімен тең түсті. Онда клуб басшылығымен байқауға шақырылған 20 футболшының арасынан «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Александр Петухов пен Астананың «Локомотив» футбол клубының легионері Владе Лазаревскимен келісім-шарт жасасқан еді. Бас бапкер Равиль Сабитовтің бұл жиынға шақырғандарының арасында Абдулин, Заречный және Евстигнеев жоқ.