Әл-Куәйт қаласында тұтанатын 7-нші Қысқы Азия ойындарының Алауын ҚР Туризм және спорт министрі қабылдап алады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әл-Куәйт қаласында тұтанатын 7-нші Қысқы Азия ойындарының Алауын ҚР Туризм және спорт министрі қабылдап алады

Әл-Куәйт қаласында тұтанатын 7-нші Қысқы Азия ойындарының Алауын ҚР Туризм және спорт министрі қабылдап алады

Әл-Куәйт қаласында тұтанатын 7-нші Қысқы Азия ойындарының Алауын қазақстандық тараптан Ойындарды Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов қабылдап алады.

  • 5 Қаңтар 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Ойындарды ұйымдастыру жөніндегі астаналық дирекция басшысының орынбасары Сәрсен Құранбек мәлім етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Азиада Алауы 2011 жылғы 11 қаңтар күні Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) штаб-пәтері орналасқан Әл-Куәйт қаласындағы «Кувейт Тауэрс» мұнараларының алдындағы алаңда тұтандырылады. Алауды салтанатты жағдайда тұтандыру құрметі АОК-ның Президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахқа берілді. А.Сабахтың қолынан Алауды қазақстандық тараптан бірінші болып 7-нші Қысқы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Туризм және спорт министрі Т. Досмұхамбетов қабылдап алады.

Өз кезегінде Т.Досмұхаметов Алауды мұзда мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рахымғалиевке тапсырады. Одан әрі От — Куәйт спортшысының және бұған дейінгі Қысқы Азия ойындарын өз алаңдарында қабылдаған кәріс, қытай және жапон елдері спортшыларының қолдарына өтеді. Шағын эстафетаны отандық велошабандоз Аслан Базаев тұйықтайды. Салтанатты шара «Сазген сазы», «Гүлдер» ансамбльдері мен «Ұлытау» тобының концертіне ұласады.

7-нші Қысқы Азия ойындарының Алауын тұтандыру рәсімі басынан аяғына дейін Азия елдерінің орталық телеарналарында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Ал қаңтардың 12-сі күні Алау ұшақпен Алматы қаласына жеткізіледі де, Қазақстандағы Азиада Алауы эстафетасының алғашқы кезеңі басталады. Әрбір алаугерге 6 алау сақшысы мен арнайы автоколонна ілесіп жүретін болады. Дәл осы тәртіппен эстафета елдің барлық өңірлерінде өтеді. Саяхат барлығы 20 күнге созылады. Эстафета 30 қаңтар күні Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында мәреге жетіп, Ойындардың бас қазандығын жағады. Айта кетейік, эстафетаға республика бойынша барлығы 1020 алаугер іріктеп алынды, әр облыстан — 60, Алматыдан — 80 және Астанадан — 100 адам.

С.Құранбектің айтуынша, әр алаугер сыйға арнайы сертификат пен кәдесый алады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера