Ақмола облысының мәдениет саласы қызметкерлері конференциясында республикалық референдумға қолдау білдірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысының мәдениет саласы қызметкерлері конференциясында республикалық референдумға қолдау білдірілді

Ақмола облысының мәдениет саласы қызметкерлері конференциясында республикалық референдумға қолдау білдірілді

Бүгін, 6 қаңтарда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен өңір мәдениет саласы қызметкерлерінің конференциясында шығысқазақстандықтардың бастамасымен Елбасының өкілеттілігін референдум арқылы ұзарту мәселелесі қаралды.

  • 6 Қаңтар 2011
  • 512
Фото - Caravan.kz

Жиналған қауым алдында сөз алған облыстық кітапхана директоры Арман Бердалин Елбасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына көп көңіл бөліп отырғандығын жеткізіп, бағдарлама ұлтымыздың рухани дамуындағы кешенді тұжырымдама екенін, сол арқылы мемлекетімізде қыруар жұмыс атқарылып, халқымыз көптеген тарихи еңбектермен танысқандығын тілге тиек етті.

Өз кезегінде облыстық филармонияның белгілі әншісі Мара Есмұханова «Бүгін біз, елдің болашағы үшін жауапкершілік барша қазақстандықтарға жүктелетінін түсіне отырып, біртұтас болуға тиіспіз. Қазір бізге қоғамдық келісім саласындағы өзіміздің жетістіктерімізді сақтап қана қоймай, сонымен бірге нығайта беру маңызды», — деді. Облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Базарбай Кәкенов «Біз өзіміздің мәңгі құндылықтарымыз, басты ұлттық байлығымыз ретінде, барша қазақстандықтардың игілік негізі ретінде бітім мен өзара түсіністікті сақтауға тиіспіз. Тәуелсіздік тарихында Қазақстанды талай толағай табыстарға қол жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Болашақта Қазақстан биік белестерден көрінуіне, бәсекеге қабілетті елге айналуына біз, отандастар ат салысып, Елбасын қолдауымыз керек»-, деп түйіндеді өз ойын.

Сөйтіп, өңір мәдениет саласы өкілдері Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсынысты қолдауға шақырды.

Перейти к новостям спорта