Аталмыш іс-шараны өткізу және оған дайындық мәселелері қалалық әкімдікте болған кеңесте талқыланды.
Алау эстафетасы Ақтөбеде 2011 жылдың 19 қаңтарында өтеді. Алаугерлер қала көшелерімен жүріп өтеді, одан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы саябаққа ат басын тірейді. Бұл жерде Олимпиада алауына арналған салтанатты шара мен гала-концерт ұйымдастырылады.
Осыған орай қала әкімі Архимед Мұхамбетов қала тұрғындарын осы атаулы шара туралы ақпараттандыру, шеру өтетін көшелерді абаттандыру және безендіру, осы күні көлік қозғалысына шектеу қою туралы бірқатар тапсырмалар берді.