Өзбекстанда Қазақстандағы VІІ қысқы Азия ойындарына арналған пошта маркалары айналымға енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда Қазақстандағы VІІ қысқы Азия ойындарына арналған пошта маркалары айналымға енгізілді

Өзбекстанда Қазақстандағы VІІ қысқы Азия ойындарына арналған пошта маркалары айналымға енгізілді

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап Өзбекстанда 7-ші қысқы Азиада ойындары. Астана-Алматы» атты арнайы екі жаңа пошта маркасы айналымға енгізілді.

  • 10 Қаңтар 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Олар — мәнерлеп сырғанау мен фристайл спортына арналған, деп жазады Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары.

Мәнерлеп сырғанауға арналған пошта маркасында мұздағы мәнерлеп билеу көрінісі бейнеленген, марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышында Астана мен Алматыда өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарының эмблемасы ресми түрде бекітіліп, өзбек тілінде латын қаріпімен «7-Qishki osiyo oyinlari (Astana-Alma-Ata)» деген мәтін жазылған.

Арнайы шығарылымдағы «Фристайл» екінші пошталық маркасында осы спорт түрінің үзінді бейнесі салынған, ал марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышынан 7-ші қысқы Азиа ойындарының эмблемасы мен «7-Qishki osiyo oyinlari (Astana-Alma-Ata)» деген жазуды көруге болады.

Бұрын хабарланғандай, Азиада ойындарының бағдарламасында спорттың 11 түрі бар. Байрақты бәсекеде әлемнің 30 елінен келген спортшылар бақ сынасады деп күтіліп отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера