Ойынның бірінші кезеңі аяқталуға 30 секунд қалғанда қонақтар шайба салып, есеп ашты. Екінші кезеңнің басында «Металлург» хоккейшілері астаналық команданың қақпасынан саңылау тауып, екінші шайбаны енгізді. Осы арада төрт минут өткеннен кейін қонақтардың серпіген шайбасы тағы да «Барыстың» қақпасынан табылды. Есеп 0:3 болды. Бұл тартысты доданың барысында «Барыс» хоккейшілері қарсыластар қақпасына бір ғана шайба салу мүмкіндігін жүзеге асырды. Негізгі ойынның қорытындысы бойынша астаналық команда өз алаңында 1:3 есебімен ұтылып қалды.
«Барыс» командасының алдағы ойыны сырт алаңда, яғни Хабаровскінің «Амур» командасымен өтеді (12 қаңтар). Ал 15 қаңтарда астаналық команданың кезекті кездесуі Новосибирде болады. Сондай-ақ «Барыстың» сырт алаңдағы тартысы 17 қаңтарда «Металлург» (Новокузнецк) командасымен аяқталады.