Қазіргі таңда 3 турдың қорытындысы бойынша 23 ұпаймен Алматының «Қайрат» клубы көш бастап келеді. Олар 7 ойында жеңіп, 2 ойында қарсыластарымен тең түскен. Қарағандының «Тұлпары» — 7, Рудныйдың «Аяты» — 14 ұпай кейін тұр. Астананың «Ұшқын -Искрасы» 9 ойында қоржынына 1 ұпай ғана салып, турнир кестесінің соңында тұр. Ал мергендер тізімінде қарсыластар қақпасын 11 рет дәл көздеген Александр Метёлкин (Аят) озық болып отыр. Үздік үштікке «қайраттық» Серік Жаманқұлов ( 9) пен «аяттық» Николай Казаков (8) та енген.
2010/2011 жылғы Қазақстан чемпионаты 20 қазанда Алматыда басталған еді. Екінші тур 3-5 қараша күндері Қарағандыда, ал үшінші тур 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Рудныйде өтті. Алда әлі 3 тур бар.