Әл-Куәйт қаласында 7-Қысқы Азия ойындарының Алауы жағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әл-Куәйт қаласында 7-Қысқы Азия ойындарының Алауы  жағылды

Әл-Куәйт қаласында 7-Қысқы Азия ойындарының Алауы жағылды

Бүгін кешқұрым Әл-Куәйт қаласында Қазақстанда өтетін 7-Қысқы Азия ойындарының Алауы салтанатты жағдайда жағылды

  • 12 Қаңтар 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Ақ Азиада Алауын жағу рәсімі Әл-Кәуйт қаласында орналасқан «Куәйт Тауэрс» мұнараларының алдындағы алаңда өтті. Оған ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов және Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті Шейх Ахмад әл-Фахад ас-Сабах қатысты. Аталмыш мұнараларға таңдау кездейсоқ түскен жоқ. Олардың көшірмесі Қазақстанның бас қаласы — Астанада бой көтерген. Қазір онда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орналасқан.

Салтанатты іс-шара «Сазген сазы», «Гүлдер» ансамбльдерінің және «Ұлытау» тобының, сондай-ақ куәйттық шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасымен басталды. Одан кейін Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахқа және қазақстандық тарапты бастап барған ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовке сөз берілді.

Қазақстандық Азиаданың Алауын шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах тұтандырды. Оның қолынан Алауды қазақстандық тараптан бірінші болып Т. Досмұхамбетов қабылдап алды. Өз кезегінде Т.Досмұхамбетов Алауды мұзда мәнерлеп сырғанаушы жерлесіміз Абзал Рахымғалиевке тапсырды. Одан әрі От — Куәйт спортшысының және бұған дейінгі Қысқы Азия ойындарын өз алаңдарында қабылдаған Корея, Қытай және Жапония елдері спортшыларының қолдарына өтті. Шағын эстафетаны «Астана» велокомандасының мүшесі Аслан Базаев тұйықтады.

Салтанатты шара Азия елдерінің барлық орталық телеарналарында тікелей эфирде көрсетілді.


Ертең, 12 қаңтар күні Азиада Алауы Қазақстанға, нақты айтқанда Алматы қаласына жеткізіледі. Және осы күні Азиада Алауының елдің облыс орталықтары бойынша эстафетасы басталады. Әрбір алаугерге 6 алау сақшысы мен 13 көліктен құралған колонна ілесіп жүретін болады. Эстафета 30 қаңтар күні Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында мәреге жетіп, Ойындардың бас қазандығын жағады. Эстафетаға республика бойынша барлығы 1020 алаугер, әр облыстан — 60, Алматыдан — 80 және Астанадан — 100 адам іріктеп алынды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера