Қазақстандағы Азиаданың жоғары деңгейде өтуі үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы Азиаданың жоғары деңгейде өтуі үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалады

Қазақстандағы Азиаданың жоғары деңгейде өтуі үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалады

Қазақстандағы Қысқы Азия ойындарының жоғары деңгейде өтуі үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалады. Бұл туралы бүгін Әл-Куәйт қаласында өткен 7-Қысқы Азия ойындарының Алауын жағуға арналған салтанатты шарада ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов айтты.

  • 12 Қаңтар 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Біз бүгін аса маңызды оқиғаға куә болып отырмыз. Қазақ елі Қысқы Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет Алау эстафетасын өткізу құрметіне ие болды. Бұл Азия олимпиадалық кеңесінің біздің мемлекетімізге зор сенім артуының арқасында жүзеге асып отыр. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тікелей қолдауыменен Азия ойындарын өткізуге барлық қажетті жағдай жасалды. Қазақстан Қысқы Азия ойындарын өткізу мәртебесіне ие болған Жапония, Оңтүстік Корей және Қытайдан кейінгі төртінші мемлекет», — деді Т. Досмұхамбетов.

Министр, Қазақстандағы Азия ойындарының жоғары деңгейде өтуі үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалатындығын қадап айтты. Сондай-ақ 2011 жылғы Азиада алауының эстафетасы отандық спорт қозғалысының дамуына жол ашады деген сенімін білдіріп, "бүгінгі шара 7- Қысқы Азия ойындарының сәтті басталып, ойдағыдай өтуіне алғашқы қадам болсын" деген тілегін жеткізді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера