Жақсылық Үшкемпіров: Азиада алаугері атану - мен үшін үлкен құрмет - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсылық  Үшкемпіров: Азиада алаугері атану -   мен  үшін   үлкен құрмет

Жақсылық Үшкемпіров: Азиада алаугері атану - мен үшін үлкен құрмет

Мен ең жақсы көретін қысқы спорт түрі - биатлон. Алдағы Азиада ойындарында мен Елена Хрусталеваға жанкүйер боламын, - дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген 1980 жылғы Олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров.

  • 12 Қаңтар 2011
  • 910
Фото - Caravan.kz


Ертең Әл-Куәйттен Алматыға Азиада алауы жеткізілетінін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Даңқты спортшы 30 қаңтарда Азиада ойындарының салтанатты ашылуы өтетін Астанаға Алауды жеткізетін эстафетаның қатысушысы болып табылады. «Азиада алаугері атану — мен үшін үлкен құрмет. Артылып отырған сенімді Қазақстан спортының ардагерлеріне көрсетілген құрмет деп бағалаймын», -деді ағынан жарылған чемпион.