Ал павлодарлық Роза Мұқатаева мен Азат Оспановтың жұбы үшінші орынға ие бола отырып, жүлдегерлер арасынан табылды. Әділқазылар алқасы қазақстандық әншілердің әртістік қабілеттерін, ән орындаудағы мәдениеті мен әдемі сахналық киімдеріне жоғары баға берді.
«Балалар үшін бұл байқау болашақта өздерін жетілдіру үшін өте маңызды. Роза мен Азаттың жұптасып ән айтуы, яғни дуэті мамандардың көзіне түсті, олар ақпан айында Санкт-Петерборда өтетін үлкен байқауға шақыру алды», — дейді театр жетекшісі Елена Валько.