Смағұл Садуақасұлының өміріне арналған конференция өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Смағұл Садуақасұлының өміріне арналған конференция өтуде

Смағұл Садуақасұлының өміріне арналған конференция өтуде

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қайраткер Смағұл Садуақасұлы және Қазақстан отаншылдығы: елдік мұрат пен жауапкершілік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

  • 13 Қаңтар 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аясында өтіп отыр.

Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі, ұлттық театртанудағы алғашқы еңбектердің авторы С.Садуақасұлының туғанына 110 жыл, өмірден өткеніне 77 жыл толуына арналған осы конференцияны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, Қазақстан тарихшылары қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың конференцияға қатысушыларға жолдаған қуттықтау хаты оқылды.


Конференция жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Қызылжар, Қарағанды т.б. қалалардан келген ғалымдар, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері және жастар қатысуда.

Перейти к новостям спорта