әуесқой фотограф Шәкимардан Абдықалықовтың "Тұран ойпатының өркениеті" атты фото көрмесі ашылды.
Көрмеге суретшінің Тұран ойпатының қалалары, тарихы мен шежіресінен сыр шертетін 86 жұмысы қойылған.
Сыр өңірінде дүниеге келген Шәкимардан Абдықалықов: "Сыр мен жырдың мекені — Сыр өңіріндегі Тұран ойпатының шежіресі мені бала кезімнен баурап алды. Сондықтан, фотосурет өнерінде жүрген 40 жылдың 15 жылынан астам уақытын археология тақырыбына арнап келемін. Абызды өлкенің тарих көмбесінің астына жасырынған қазыналы құпияларының өшпес белгілерін куәларын фото тілімен насихаттау, кең көлемде зерттелуіне қозғау салуы менің арманым болды. Сол себепті, 2004 жылдан бері Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының, сонымен қатар Шірікрабат экспедициясының жұмыстарына араласып келемін", — деді.
Тарих таңбасын қалт жібермейтін зерделі суретшінің алғашқы көрмесі 1999 жылы қазан айында ЮНЕСКО бағдарламасы аясында Парижде өткен болатын. Ол көрмеде ежелгі қалаларды, асарларды бейнелейтін суреттер қойылған еді. Бүгінде оның суреттері бірнеше тарихи кітаптар мен мәдени ескерткіштерінің жинағына енген.
Фото көрме 24 қаңтарға дейін жалғасады.