Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатында 2-турды сәтті өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатында  2-турды сәтті өткізуде

Жетісулық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатында 2-турды сәтті өткізуде

Бүгін Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалар ХІХ Қазақстан чемпионатының 2-турындағы 3-ойындарын өткізді.

  • 14 Қаңтар 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz

Онда Алматы облысының «Жетісу» командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Олар Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромын» 3:0 есебімен ойсырата ұтты (25-15, 25-17, 25-19). «Жетісулықтар» қазір Қазақстан чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр. Бұл сында алғашқы екі ойында қарсыластарынан жеңіліс тапқан Теміртаудың «Металлург АМТ» командасы мен Қарағанды облысының «Қарағанды» командасы өзара кездесіп, онда 1:3 (17-25, 14-25, 25-19, 21-25) есебімен қарағандылықтардың мерейі үстем болды.

11 қаңтар күні Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде өз жалауын көтерген бұл жарыстың ақтық ойындар жексенбі күні өтеді.