Хоккей: «Барыс» командасы «Амурмен» болған екінші кездесуде ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» командасы «Амурмен» болған екінші кездесуде ұтылып қалды

Хоккей: «Барыс» командасы «Амурмен» болған екінші кездесуде ұтылып қалды

 Кеше, 13 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» командасы мен «Амур» арасында өткен екінші ойында астаналық хоккейшілер ұтылып қалды.

  • 14 Қаңтар 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz


Естіріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Хабаровск қаласында «Амурмен» болған бірінші матчта «Барыс» 4:2 есебімен ұтқан еді.

Кешегі ойынның бірінші кезеңінің басында айдын иелері есеп ашты. Ал екінші кезеңнің басында астаналық Лукаш Кашпар есепті теңестіру мүмкіндігін жүзеге асырды. 14-минутте «Барыс» хоккейшілері екінші шайбаны соқты. Алайда тартысты доданың осы кезеңінде «Амур» ойыншылары екі шайбаны қатар салып, алға шықты. Үшінші кезеңнің 8-минутында астаналықтар есепті қайта теңестірді (3:3). Осыдан кейін көп ұзамай алаң иелері екі шайбаны бірінен соң бірін салып, бұл кездесуді өз пайдаларына шешті. Есеп 5:3. «Барыс» командасының сырт айдындағы келесі кездесуі 15 қаңтарда Новосибирск қаласында «Сібір» хоккейшілерімен өтеді.