Ағымдағы жылы Алматыда Бокс академиясының құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылы Алматыда Бокс академиясының құрылысы басталады

Ағымдағы жылы Алматыда Бокс академиясының құрылысы басталады

Ағымдағы жылы Алматыда Бокс академиясының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев мәлім етті.

  • 19 Қаңтар 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан Бокс федерациясы» қауымдастық үлгісіндегі заңды тұлғалар ұйымы Атқарушы комитетінің отырысында оның 2010 жылғы қызметіне оң баға берген ол: «Біз АИБА-мен бірлесіп, Алматы қаласында Бокс академиясын ашу туралы маңызды шешім қабылдадық», — деді.

Оның атап өтуінше, 1-2 жылдың ішінде Алматыда шаңырақ тігетін Бокс академиясы бүкіл дүниежүзінің төрешілері мен жаттықтырушыларының қайтадан біліктіліктен өту орнына айналмақ. «Біз осы жылы құрылысты бастаймыз. Қаржы және демеушілер таптық. Менің ойымша ол біздің жаттықтырушылар мен төрешілердің өз деңгейлерін көтеретін нысанына айналады. Екіншіден, іс жүзіндегі әлемнің барлық спорттық функционерлері Алматыға тұрақты түрде келетін болады әрі бізге оларды жетістіктерімізбен, елдегі бокстың даму жағдайымен таныстыруға мүмкіндік аламыз», — деді Т.Құлыбаев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера