Атырауда 2011 жылы спортты дамытуға 2,87 миллиард теңге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда  2011   жылы спортты  дамытуға  2,87 миллиард теңге    жұмсалады

Атырауда 2011 жылы спортты дамытуға 2,87 миллиард теңге жұмсалады

Атырау облсында 2011 жылы спорттық нысандардың құрылысына және бұқаралық спортты дамытуға облыс бюджетінен 2 миллиард 872 миллион теңге қарастырылып отыр.

  • 20 Қаңтар 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың бюджеті талқыланған облыстық мәслихаттың сессиясында бұл туралы облыс әкімі Бергей Рысқалиев мәлім етті.

Бөлініп отырған қаржы дарынды балаларға арналған 200 орындық мектеп-интернаттың құрылысына, облыс орталығындағы теннис кортының, Атырау қаласының Геолог-2, Нұрсая Балықшы ықшамаудандарындағы спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылыстарын аяқтауға жұмсалады.

Сондай-ақ Құрманғазы және Индер аудандары мен Қызылқоға ауданының Сағыз ауылындағы спорт кешендерінің құрылыстарын қаржыландыру жалғаспақ.