Қазақстан чемпионатында алматылық волейболшылар ғана жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан чемпионатында алматылық волейболшылар ғана жеңіліссіз келе жатыр

Қазақстан чемпионатында алматылық волейболшылар ғана жеңіліссіз келе жатыр

Бүгін Қызылжарда волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан XIX Қазақстан чемпионатының 2-туры аяқталады.

  • 21 Қаңтар 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz


Бұл турда алматылықтар ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар бүгін ақтық ойынын Оралдың "Конденсатымен" өткізуде. Бұған дейін олар "Атырау" мен "Есілді" (Қызылжар) 3:0, "ТНК Қазхромды" (Хромтау) 3:2, "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысты" (Өскемен) 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Жалпы ел чемпионатының 19-24 желтоқсанда Хромтауда өткен алғашқы турында алматылықтар барлық кездесуді өз пайдасына шешіп, 10 ұпаймен бірінші орын алған болатын. Ал оралдықтар онда 6 ұпаймен 5-орынды қанағат тұтты. Сондықтан "Алматы" волейболшыларының 2-турды да жеңіліссіз аяқтауға толық мүмкіндігі бар.