Астанадағы Агротехникалық университетте «АЛЖИР мұражайының күндері» өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы Агротехникалық университетте «АЛЖИР мұражайының күндері» өтті

Астанадағы Агротехникалық университетте «АЛЖИР мұражайының күндері» өтті

Бүгін Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетте «АЛЖИР мұражайының күндері» өтті.

  • 21 Қаңтар 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

Аталған шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласының Мәдениет басқарамасы және елордадағы жоғары оқу орындары ұйымдастырды.

«Біз «АЛЖИР мұражайының күндері» шарасын елдің мәдени, тарихи мұраларды сақтау және насихаттау, жас ұрпақтың санасында елге, Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткізіп отырмыз»,-деді мұражайдың бөлім бастығы Раиса Жақсыбаева.

Сондай-ақ шара аясында мұражай қызметкерлері «Тәуелсіздік тамыры — Алаш арыстары» атты көрме дайындады. Көрме негізіне Санкт-Петербор, Орынбор, Мәскеу және Ташкентке жасалған экспедицияларда жинақталған Кенесары ханның азаттық қозғалысы жөніндегі материалдар енген. Сонымен қатар мұнда Алаш партиясы тұсындағы құжаттар мен егемен Қазақстанның тарихи жолын бейнелейтін фотосуреттер қойылып отыр.

«Біз қазақтардың тәуелсіз ел ретіндегі, сонау Кенесары ханнан бастап, Н.Назарбаевтің Көшбасшылық жасауымен дамып келе жатқан қазіргі замандағы Қазақстанға дейінгі қалыптасу кезеңдерін көрсетуге тырыстық»,-дейді мұражай қызметкері.


Р. Жақсыбаеваның айтуынша, олар «АЛЖИР мұражайының күндері» шарасын Астанадағы барлық ЖОО-да өткізуді жоспарлауда.

Перейти к новостям спорта