19-24 желтоқсанда Хромтауда өткен алғашқы турда командалар бір-бірінен айтарлықтай қара үзіп кете алмаған еді. Бұл жолы алматылықтар 20 ұпаймен Хромтаудың "ТНК Қазхромынан" — 3, Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысынан" — 4, Қызылжардың "Есілі" мен Оралдың "Конденсатынан" — 7, ал "Атыраудан" — 9 ұпайға ұзап кетті. Алматылықтадың енді турнир кестесіндегі жағдайын 11-16 ақпанда өз алаңында өтетін ел чемпионатының 3-турында одан ары жақсартуға мүмкіндігі өте мол.