12-20 ақпан күндері бокстан ересектер арасында Қазақстанның жеке біріншілігі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12-20 ақпан күндері  бокстан ересектер арасында Қазақстанның жеке біріншілігі өтеді

12-20 ақпан күндері бокстан ересектер арасында Қазақстанның жеке біріншілігі өтеді

12-20 ақпан күндері ІІІ Қазақстан халықтары спартакиадасы аясында бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының жеке біріншілігі өтеді.

  • 22 Қаңтар 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz


Бұл ақпаратты еліміздің Бокс федерациясынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің атап өтуінше, жарыс Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт кешенінде өтпек. Чемпионатқа 14 облыстық және Астана мен Алматы қалаларының құрамалары қатысады. Былғары қолғап шеберлері AIBA-ның халықаралық ережесі бойынша бәсекеге түседі, яғни жеңілген боксшы бірден жарыс жолынан шығып қалады. Құрамалар әрбір салмақ дәрежесінде бір ғана спортшы шығаруға құқылы. Сонымен қатар спортшының тұрғылықты жерінде есепте тұруы міндетті.