Павлодарлық жас суретші «Невская палитра» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық жас суретші  «Невская палитра» халықаралық конкурсының  жеңімпазы атанды

Павлодарлық жас суретші «Невская палитра» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды

Павлодардағы №2 көркемсурет мектебінің оқушысы Саша Миллер Ресейде өткен «Невская палитра» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.

  • 24 Қаңтар 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Жас суретші мен оның тәлімгері Сәуле Пернебаева Санкт-Петерборға, марапаттау рәсіміне шақырылды.

Конкурстың шарты бойынша, оған әр ұжымнан үш туынды қабылданады. Павлодарлық мектептің атынан жолданған үш жұмыс та наградаға ие болып отыр. Конкурстың лауреаттары атанған павлодарлық Таня Рычкова мен Глеб Шрамко дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Павлодарлық жас дарындардың суреттері көрменің үздік туындыларының каталогына енгізілді.

«Невская палитра» конкурсының ерекшелігі сол, ол батик матаға сурет салу техникасындағы туындылардың конкурсы.


Перейти к новостям спорта