«Барыс» пен «Ақ Барстың» арасындағы тартысты кездесу қазандықтардың жеңісімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» пен «Ақ Барстың» арасындағы тартысты кездесу қазандықтардың жеңісімен аяқталды

«Барыс» пен «Ақ Барстың» арасындағы тартысты кездесу қазандықтардың жеңісімен аяқталды

«Барыс» пен «Ақбарыстың» арасындағы тартысты кездесу қазандықтардың жеңісімен аяқталды.

  • 24 Қаңтар 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz


Ойынның басталуынан-ақ, астаналық мұз айдын иелері үшін бүгінгі тартыстың оңайға түспейтіні бірден байқалды.

"Ақ Барстың" қақпасын алғашқы шабуыл өз нәтижесін берді. Гол иесі — Брэндон Боченски. Есепті қонақтар тек ойынның 35-ші минутында ғана теңестіре алды. Ең тартысты да қызықты сәттер ойынның үшінші кезеңінде болды. 46-шы минутте Роман Савченко "Барысты" алға шығарды. Енді қазақстандық хоккейшілерді жеңісімен құттықтайтын сәт тууға жақындаған кезде Татарстан хоккейшілері қақпашыны алаңдағы ойыншымен ауыстырып, ойынды теңестіріп кетті — 2:2. Овертайм ойынның есебіне өзгеріс енгізген жоқ. Ал буллиттер сериясында қазандықтар мергендік танытып жеңіске жетті.