ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалығының логотипін ұсыну бойынша ашық конкурс - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалығының логотипін ұсыну бойынша ашық конкурс

ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалығының логотипін ұсыну бойынша ашық конкурс

ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесіне 2011-2012 жылдардағы төрағалығының логотипін ұсыну бойынша ашық конкурс жариялайды.

  • 25 Қаңтар 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.

Оның атап өтуінше, байқауға қатысуға ниет танытқан азаматтар 24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында өз ұсыныстарын Сыртқы істер министрлігіне жіберулері қажет.

«Төрағалық логотипі қауымдастылық, заманауилық, бірегейлік және есте қаларлық сынды базалық талаптарға сәйкес келуі керек. Яғни қауымдастылық қатары арқылы Қазақстанның бірегей образына теңдестірілуі шарт», — деді ол.

Конкурстың ережелерімен Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтынан танысуға болады.


Перейти к новостям спорта