Алматыда тастаяқтан Қазақстан чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тастаяқтан Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыда тастаяқтан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында тастаяқ ойынының «Құрастырмалы пирамида» түрінен Қазақстанның дәстүрлі 32 чемпионаты басталды.

  • 25 Қаңтар 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

Чемпионатты Қазақстанның бильярд спорты қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Жарысқа қатысушы еліміздің 12 облысынан келген 128 спортшының ішінде 112-сі — ерлер, қалған 16-сы әйел спортшылар болып отыр.

Биылғы чемпионатқа 2008 және 2009 жылдардағы Азия және әлем чемпиондары Әлихан Қаранеев пен Әуез Елубаевтар, 2010 жылғы әлем чемпионы Ернар Шымбаев секілді тастаяқшылар қатысатын болады.

Сайыстың Бас төрешісі Райымжан Бұзырқожаевтың айтуынша, қатысушыларға жас айырмашылығынан шектеу қойылмаған. Сондай-ақ, қатысушылардың көптігі мен басқа да мәселелерге байланысты тағы бір күнге созылуы мүмкін.


Жалпы, чемпионаттың ақтық ойындары 28 қаңтарда өтеді деп жоспарланған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера