БҚО: өңірде спорттың бадминтон түрі өріс алатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО: өңірде спорттың бадминтон түрі өріс алатын болады

БҚО: өңірде спорттың бадминтон түрі өріс алатын болады

Батыс Қазақстан облысында спорттың бадминтон түрі өріс алатын болады. Бұл туралы Орал қаласында өткізілген оқыту семинарында айтылды.

  • 25 Қаңтар 2011
  • 606
Фото - Caravan.kz

Өткен жылы желтоқсан айында құрылған «БҚО бадминтон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қатары осы спорт түрімен айналысатын шеберлермен де, әуесқой адамдармен де толығып келеді. Қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры Бекет Балықовтың сөзіне қарағанда, бадминтон өңірде дами қоймағанмен, оның бірқатар артықшылықтары бар. Яғни спорттық жабдықтары аса қымбат емес.

Облыс әкімінің орынбасары Берік Толымбаев федерация президенті болып сайланса, «Конденсат» компаниялар тобы қолдау білдірді. Оқыту семинары барысында ойын түрлері көрсетіліп, шара өткізілген №7 орта мектепке бадминтон жабдығы тарту етілді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера