Елордада «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме ашылды

Елордада «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме ашылды

Елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында 7-қысқы Азиада ойындары мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме ашылды.

  • 26 Қаңтар 2011
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұл көрменің Азиада ойындарының ашылуына 5 күн қалғанда өтіп отырғандығын айтқан «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ вице-президенті Абзал Әлібеков: «Осындай мәдени шаралар Азиада ойындары басталғанға дейін өз жалғасын табады. Солардың бірі 30 қаңтар күні өтетін қысқы ойындардың ашылу салтанаты. Сондай-ақ еліміздің және шетелдік әртістердің қатысуымен гала-концерттер өтеді», — деді.

Еліміздің спорт саласында жеткен жетістіктерін өскелең ұрпаққа таныстыру, жастар арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Қазақстан спорты тарихынан мағлұмат беретін фотосуреттер, экспонаттар, Азия ойындарының арнайы спорт киімдері, эмблемалары, кәдесый бұйымдары, сонымен қатар ұлттық, әлемдік спорт түрлері жайында ақпараттар қойылған.

20 ғасырдың басында өткен көптеген әлемдік жарыстардың жеңімпазы, жауырыны жер иіскемеген балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы өміріне қатысты материалдармен басталатын көрме 1960 жылғы Рим олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосанов, 1972 жылғы олимпиада чемпионы, баскетболшы, Әлжан Жармұхамбетов, Мәскеу олимпиадасының чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, сондай-ақ, егемен еліміздің көк байрағын көкке көтерген Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина, Бақтияр Артаев, Илья Илин сынды спортшылармыздың спорттық өмірінен сыр шертеді.


Перейти к новостям спорта