Екі күндік бұл шара кезінде Қазақстан-Словакия университеттері арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесулер өтіп, пікірсайыстар жасалмақ. Онда Словакияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Душан Подгорски "Словакия халықаралық сауда серіктесі ретінде", "Словакия — туристік әріптес" деген тақырыптарда дәріс оқымақ. Бағдарламада сондай-ақ, Халықаралық бизнес университетінің оқытушылары мен студенттері арасында Братиславадағы Экономика университетінің профессоры Ярослав Култанның дәрісі де жоспарланып отыр.