Атақты татар композиторы Н.Жигановтың туғанына 100 жыл толды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты татар композиторы Н.Жигановтың туғанына 100 жыл толды

Атақты татар композиторы Н.Жигановтың туғанына 100 жыл толды

Атақты татар композиторы Назиб Жигановтың (1911-1988) туғанына 100 жыл толып отыр.

  • 26 Қаңтар 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Орал қаласында туып-өскен Н.Жиганов татар опера және симфониялық музыкасының негізін салушыға айналды. Ол көптеген мәртебелі атақтарды иеленді. Татарстан композиторлар одағын басқарып, Қазан консерваториясының ректоры да болған Н.Жиганов КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Ресей мен Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, үш мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының, сондай-ақ Ғ.Тоқай атындағы Татарстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Композитордың 100 жылдығы Татарстан мен Орал қаласында кеңінен аталып өтілуде. Сондай шараның бірі «Шығыстың ұлы композиторы» деген атпен облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізілді. Онда соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев, өлкетанушы Жайсаң Ақбай өз естеліктерімен бөлісті.


Мерейтойлық шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.

Перейти к новостям спорта