"Фильм маған ұнады. Бұл ең алдымен Қытайдағы қазақтардың тіршілігін көрсетеді. Сценарист қыз ата-бабадан қалған үлгіні ұмытпай, соңғылармен жалғайтын көпір ретіндегі өз міндетін атқарған. Екінші, онда сол заманның киім үлгілері мен салт-дәстүрі көрініс тапқан. Қазір бізде түсірілетін кинолардың көбінде реквизит жұтап тұрады. Шабандоздар атқа өмілдірік, құйысқансыз жайдақ мінеді", -дейді Қажытай Ілиясұлы.
Этнографтың айтуынша, қазақ ақсарбас қозы туғанда бата-тілек жасап тілек тілеген. Бұл фильм өз тақырыбын толық ашып тұр. Онда қазақтың тұрмыс- салты мен әдет -ғұрыптары біршама көрініс тапқан. Ол алдағы уақытта халқымыздың салт-дәстүрін жан-жақты ашып көрсетуге өзінің оң ықпалын тигізеді.