Қарағандылықтар жерлестері Екатерина Айдованың жеңісінен үмітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылықтар    жерлестері Екатерина Айдованың жеңісінен үмітті

Қарағандылықтар жерлестері Екатерина Айдованың жеңісінен үмітті

Қарағандылықтар жерлестері, конькиші Екатерина Айдова алдағы Азиада ойындарында сәтті өнер көрсетеді деген үмітте.

  • 27 Қаңтар 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы міндетін атқарушы Тастанбек Есентаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осылай деді.

Шенеуніктің пікірінше, 7-Қысқы Азиялық ойындардың тұғырынан көрінуді діттеп отырған спортшы қыздың арманы негізсіз емес. «Әрине, әлемдік рейтингті ескеру керек. Коньки спортында Қытай, Корея және Жапония көш басында. Дегенмен, біз қоладан үміттіміз, одан жоғары нәтижеге де үміт жоқ емес», дейді Т.Есентаев.

«Спортшының жақсы дайындалуына барлық жағдайды жасауға тырыстық. Ағымдағы аптаның басынан бері Екатерина Астанада. Ванкувер Олимпиадасындағыдай оған құрамына психолог пен биохимик кіретін арнайы топ еріп жүр», — дейді шенеунік.


Спортшы жақында Алматыда, тауда жаттығып қайтты. Ал соның алдында ғана Екатерина Қытайда өткен Азия чемпионатына қатысты, Германияда жиында болып қайтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера