Азиадада Алматы облысынан Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиадада Алматы облысынан Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды

Азиадада Алматы облысынан Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды

Алматы облысынан 7- қысқы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды.

  • 27 Қаңтар 2011
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 7- қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы кезінде облыс әкімі Серік Үмбетов хабарлады.

«Олар биатлоншылар — Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, спорт шебері Диас Кенешев, сонымен қатар мәнерлеп сырғанау жарысында Жетісудан Абзал Рақымғалиев», — деп атап өтті әкім.

С.Үмбетов атап өткендей, Азиада — тек спорттық қана емес, ол нағыз қоғамдық-саяси іс-шара.