7-Қысқы Азия ойындарына қатысатын КХДР құрамасы Астанаға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7-Қысқы Азия ойындарына қатысатын КХДР құрамасы Астанаға келді

7-Қысқы Азия ойындарына қатысатын КХДР құрамасы Астанаға келді

Бүгін Астанаға 7-Қысқы Азия ойындарына қатысатын Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының спортшылары келіп жетті. Шетелдік делегацияны күтіп алған Азиада ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы елордадағы мұз қалашығында салтанатты түрде құрмет көрсетті.

  • 28 Қаңтар 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Корея елінің атынан 55 өкіл, 29 спортшы, 4 фигурист, шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы, 7 шорт-трэк спортшысы келіп отыр.

КХДР құрамасы алғаш рет Қысқы Азия ойындарына 1990 жылы қатысқан болатын. Дегенмен екі Азиадаға қатысқаннан кейін, бұл шарадан тағы да қол үзіп қалады. Соңғы рет Ақ Азиадада 1998 жылы болған олар, арада 13 жыл салып, Қазақстанда өтетін 7-Қысқы Азия ойындарына қайта оралып отыр.

Салтанатты шарада КХДР байрағы аспанға көтеріліп, елдің әнұраны шырқалды. Азиаданың естелік кәдесыйлары табысталып, гүл шоқтары тарту етілді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера