Кеше осы командалардың өзара кездесуінде 4:3 есебімен Финляндия құрамасы жеңіске жетті. Сөйтіп «А» тобында финдер бірінші, қазақстандықтар төртінші орынды иеленді. Ал екінші және үшінші орынды иеленген Ресей мен Швеция командалары жартылай финалда шеберлік байқасады. Бұл — екі күшті команданың бірі финалға шыға алмайды деген сөз. Егер Финляндия құрамасын ұтып кетсе, қазақстандықтар да тұңғыш рет финалда өнер көрсетеді. Жартылай финалда жеңген командалар 30 қаңтарда чемпиондық атақ үшін, ал ұтылған құрамалар қола жүлде үшін бәсекеге түседі.
Белгілі ойыншы-бапкер Алексей Никишов бастаған мамандар жаттықтыратын Қазақстан құрамасының сапына биыл Оралдың «Ақжайығынан» төрт ойыншы, атап айтқанда, қақпашы Ілияс Хайрекешев, Владислав Новожилов, Ескендір Нұғманов, Петр Грибанов алынған болатын. Сондай-ақ әлем біріншілігінде Орал хоккейінің түлектері Рауан Исалиев, Леонид Бедарев, Денис Максименколар да өнер көрсетуде.