«Барыс» қонақта «Авангардтан» буллиттер сериясында жеңіліп қалды - 2:3 - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» қонақта «Авангардтан» буллиттер сериясында жеңіліп қалды - 2:3

«Барыс» қонақта «Авангардтан» буллиттер сериясында жеңіліп қалды - 2:3

Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс»қонақта «Авангардтан» буллиттер сериясында 2:3 есебімен жеңіліп қалды,деп хабарлайды спорт журналистерінің одағы (СЖО).

  • 28 Қаңтар 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бірінші кезең «Барыстың»пайдасына аяқталды. Астаналықтардың құрамынан 1-ші және 13-ші минуттарда Кашпар шайба соқты.

Екінші және үшінші кезеңдерде «Авангард» Вампола (30-шы минут) мен Куляштың (54) арқасында есепті теңестіре алды.

Овертаймда жеңімпаз анықталмағандықтан буллиттер сериясы өткізілді. Онда Авериннің шайбасы «Авангардқа» жеңіс әкелді.