Астанада «Азиада кубогы» жолында халықаралық КТК өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Азиада кубогы» жолында халықаралық КТК өтіп жатыр

Астанада «Азиада кубогы» жолында халықаралық КТК өтіп жатыр

Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында осы минуттарда ҮІІ қысқы Азия ойындарына арналған КТК халықаралық кубогының ойындары өтіп жатыр.

  • 29 Қаңтар 2011
  • 518
Фото - Caravan.kz

Азиада кубогының ойындарын тамашалауға Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, Ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, парламент депутаттары мен өзге де қоғам қайраткерлері келген.

Қазылар алқасының құрамында депутат, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Олимпиада чемпионы Ермұхан Ыбрайымов, әнші Бауыржан Исаев, депутат Бақыт Сыздықова, актер Леонид Ярмольник және тағы басқалары бар.

Бұл ойынның ерекшелігі — тұңғыш рет сахнада екі жүргізуші болды. Оның бірі — халықаралық КТК лигасының президенті Александр Масляков, ал екіншісі жастар премьер-лигасының жүргізушісі оның ұлы Александр Масляков. «Бұл біздің дебют», — деді үлкен Александр Масляков.

Азиада кубогына арналған ойынға қатысуға Қазақстан Республикасының «Астана КZ» КТК құрама командасы, Астана қаласының «Қазақтар» командасы, Украинаның «Винницкие перцы» КТК командасы, 2010 жылғы Жоғары лига маусымының чемпионы, Краснодар өлкесінің құрамасы «БАК -соучастники» командалары шақырылды.


Ұйымдастырушылардың пікірінше, қатысушы командалар кездейсоқ таңдалған жоқ: Астана — 2011 жылғы ҮІІ қысқы Азия ойындарының астанасы, Украина — ЕУРО-2012, Сочи — 2014 жылғы олимпиада мекендері.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера