Қазақстан құрамасы кеше қола жүлде үшін бәсекеде бұрынғы әлем чемпионы Швеция құрамасына 3:14 есебімен ұтылды. Финалда ресейліктер финдерді 6:1 есебімен тізе бүктіріп, екі жыл өткен соң чемпиондық атақты қайтарып алды.
Қазақстан құрамасы сапында Оралдың «Ақжайық» хоккейшілері де өнер көрсетті. Енді осы «Ақжайық» ойыншыларынан құралған Қазақстан құрамасы Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында Азия ойындарының алтын жүлдесін сарапқа салады. Алексей Никишов бастаған бапкерлер жаттықтыратын Қазақстан құрамасының бұл сында жеңіп шығатыны күмәнсіз.