АЗИАДА: Алматыда шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде ақтық сындар өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЗИАДА: Алматыда шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде ақтық сындар   өтіп жатыр

АЗИАДА: Алматыда шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде ақтық сындар өтіп жатыр

7-қысқы Азия ойындары аясында бүгін Алматыдағы Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде биіктігі - 125 метр болатын тұғырдан секіру сындары өтіп жатыр.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz


Оған Қазақстаннан -6 , Жапониядан -2, Қытайдан -1, Кореядан -2 спортшы қатысуда. Спортшылардың өнері — секіру қашықтығына және оның әдемі орындалуына байланысты бағаланды. Оған 5 төреші 20 баллға дейінгі орындау стилі және арнайы кесте бойынша секірудің қашықтығына баға береді.

Қысқы Олимпиада бағдарламасына шаңғымен тұғырдан секіру 1924 жылы енгізілген болатын. Онда спортшылар — орта және үлкен тұғырдан жекелей, ал үлкен тұғырдан командалық жарыс өткізіп 3 медальдар топтамасын сарапқа салады. Жарыстың бұл түрі 2007 жылы Чанчунда өткен 6-қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енбей қалған болатын.