«Қазақстан талдауларды жүргізу үшін аккредитацияны алғанын айтқым келеді. Бұл допинг-қадағалау тестілерін жүргізетін зертхана», — деді ол.
М.Джэгатэсанның айтуынша, зертханалар Астана мен Алматы қалаларында орналасқан және Ойындар аясында спортшыларға барлығы 300-ге жуық допинг-қадағалау тестісі жүргізілетін болады.
Сондай-ақ АОК өкілі, спортшыларға медициналық жәрдем алуға жасалған жағдайлар үшін Қазақстанның Ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді.