Футбол: Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып чех маманы Мирослав Беранек тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол:  Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып  чех маманы Мирослав Беранек тағайындалды

Футбол: Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып чех маманы Мирослав Беранек тағайындалды

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құраманың бас бас жаттықтырушысы болып чех маманы Мирослав Беранек тағайындалды.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

М. Беранек бұдан бұрын чехиялық 1 дивизионды футбол клубтарын жаттықтырумен қатар, 2002-2006 жылдар аралығында Чехия ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының ассистенті қызметтерін атқарған.

«Өкінішке қарай, қараша айында біз бас бапкерсіз қалған болатынбыз. Бүгінге дейін көптеген кандидаттарды саралай келе, чех маманына тоқтадық. Жаңа бас жаттықтырушыға Еуропа чемпионатының іріктеу турларында топ ішінде Әзірбайжан құрамасының алдын орау міндеті қойылып отыр», — деді Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Саян Хамитжанов.

М. Беранек жаттықтырушылық ғұмырында бірқатар жетістіктерге жеткен. 2000 жылы Чехия жастар құрамасы (U-21) бас жаттықтырушысының көмекшісі қызметінде Еуропаның вице-чемпионы, 2002 жылғы жастар құрамасының бас жаттықтырушысы қызметімен Еуропа чемпионы, сондай-ақ, 2002 жылғы Чехия Кубогі иегері — бас жаттықтырушы, 2004 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері — бас жаттықтырушының көмекшісі және 2007 жылы Венгрия чемпионы — бас жаттықтырушы болған.

«Мен Қазақстан туралы, елдің саяси-экономикалық жағдайы туралы жақсы білемін. Менің жаңа қызметімде бірқатар міндеттер қойылып отыр. Осы уақытқа дейін Чехия құрамасымен көп жыл жұмыс істедім. Енді сол тәжірибемді Қазақстан құрамасын жаттықтыруға арнаймын», -дейді М. Беранек.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера