Иван Ярыгин атындағы Голден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иван Ярыгин атындағы Голден  Гран-при турнирінің  күміс жүлдегері атанды

Иван Ярыгин атындағы Голден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Красноярск қаласында 28-30 қаңтар күндері еркін және әйелдер күресінен Иван Ярыгин атындағы Голден Гран-при турнирі өтті. ФИЛА тәртібі бойынша онда ерлер арасында - 55, 60, 66, 74, 84, 96, 120, ал әйелдер арасында - 48, 51, 55, 59, 63, 67, 72 келі салмақтарда бақ сынады.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 530
Фото - Caravan.kz


Онда 13 елден спортшылар қатысып, әйелдер күресінен ең жеңіл салмақтағы Жұлдыз Ешімова күміс жүлдеге ие болды. Бұл ресейліктер үшін Әлем чемпионаты алдындағы аса маңызды жауапты сын болып есептеледі. Сондықтан олар ұлттық құраманың барлық үздіктерін жарысқа қосып, бейресми командалық сында 1-орынды жеңіп алды. Онда Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер арасында бапкерлер кеңесінің шешімімен он-оннан 20 балуан қорғады. Жалпы бұл турнир Голден Гран-при сериясындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама беретін іріктеу сайысы болып есептеледі. Онда үздік сегіздіктің қатарына енгендер алдағы уақытта Әзірбайжан астанасында өтетін ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера