Шорт-тректен ерлер мен әйелдер жүгірісінен Оңтүстік Корея спортшылары жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шорт-тректен ерлер мен әйелдер жүгірісінен Оңтүстік Корея спортшылары жеңіске жетті

Шорт-тректен ерлер мен әйелдер жүгірісінен Оңтүстік Корея спортшылары жеңіске жетті

Оңтүстік Кореяның шорт-трекшілері 1500 метр қашықтыққа ерлер мен әйелдер жүгірісінен жеңіске жетті. Жарыстар бүгін Астанадағы «Алау» спорт сарайында (конькимен жүгіру стадионы) өтті.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 536
Фото - Caravan.kz


Ерлер арасында аталмыш қашықтықты 2 минут 18,998 секундта жүріп өткен Но Джинкю (Noh Jinkyu) жеңіске жетсе, екінші орынды оның отандасы Ум Чхынхо (Um Cheonho), үшінші орынды қытайлық спортшы — Лю Сяньвэй (Liu Xianwei) иеленді.

Әйелдер арасында қос жеңіс те осы елдің өкілдеріне бұйырды. Алтын медальді Чо А Ли (Сho Ha Ri), ал күміс медальді — Пак Сынкхи (Park Seunghi) қанжығасына байлады. Жарыстардың қола медаль жүлдегері Жапонияның спортшысы — Сакураи Биба (Sakurai Biba).