2012 жылы өтетін «Азия балалары - 2012» V Халықаралық спорт ойындарына дайындық - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы өтетін «Азия балалары - 2012» V Халықаралық спорт ойындарына дайындық

2012 жылы өтетін «Азия балалары - 2012» V Халықаралық спорт ойындарына дайындық

2012 жылы Ресей Федерациясының құрамындағы Саха (Якутия) Республикасында өтетін «Азия балалары - 2012» V Халықаралық спорт ойындарына дайындықты бастауға болады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында 7-ші Азия ойындарының қонағы, Саха Республикасының вице-президенті Дмитрий Глушко мәлім етті.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 630
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, бүгінгі таңда «Азия балалары — 2012» V Халықаралық спорт ойындарының ережесі бекітілді. «Сондықтан Азия құрлығының барлық спорт министрліктері, федерациялары мен комитеттері «Азия балалары — 2012» V Халықаралық спорт ойындарын өздерінің күнтізбесіне енгізіп, дайындық жұмыстарын бастаса болады», — дейді Д.Глушко. Саханың вице-президенті атап көрсеткендей, бекітілген ережеге сәйкес қатысушы елдің командасы 70 адамнан тұруы тиіс. «Ал волейбол, баскетбол мен футбол ойындары бойынша командалар бөлек жасақталады», — деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, «Азия балалары» Халықаралық спорт ойындары алғаш рет 1996 жылы ұйымдастырылған болатын. Ойындар Саха Республикасының Якутск, Мирный және Нерюнгри қалаларында 2012 жылы шелденің 4-16 аралығында спорттың 20 түрі бойынша өтпек. Ойындарға алғаш рет есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасындағы еркін күрес, самбо және суда жүзу жарыстары енгізіліп отыр.