Қазақстан балуаны грек-рим күресінен Түркияда өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан балуаны грек-рим  күресінен Түркияда өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан балуаны грек-рим күресінен Түркияда өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

29-30 қаңтар күндері Түркияның Ыстамбұл қаласында ересектер арасында "Вехби Эмре" халықаралық турнирі өтті.

  • 1 Ақпан 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz


Онда бапкерлер Әбдірахман Арқарбеков пен Серік Қалдығұлов бастап алып барған 14 спортшы ел намысын қорғаған болатын. Олардың арасынан 74 келіде 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Мақсат Ережепов қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын болған белдесуде венгр Питер Башыдан басым түсті. Командалық есепте 4 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған жарыс қожайындары үздік шықты. Одан кейінгі орынды Әзірбайжан, Иран, Венгрия, Беларус, Хорватия, Қазақстан, Эстония және Украина құрамалары өзара бөлісті.