ҚР Биатлон құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Ткачук бүгін Алматыда 7-Қысқы Азия ойындарының Бас баспасөз орталығында өткен мәслихатта осылай мәлімдеді.
«Бүгінгі жарыстағы қытайлық спортшының жеңісі кездейсоқ емес. Ол оған әбден лайық. Елена Хрусталева 15 шақырымда мықты. Ол осы қашықтықта Ванкувер Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Сондықтан оның алтын медалі әлі алда», дейді А. Ткачук. Оның айтуынша, бүгінгі жарыстағыдай олар алдағы уақытта да әрбір медаль үшін барлық күш-жігерін салып таласпақ. Мынау жарыста жеңеді деп айту қиын. Әу баста бірден қара үзіп шыққан споршыны соңғы келе жатқан шабандоздың басып озуы да әбден мүмкін. Өйткені онда шаңғымен жылдам жүгіруден бөлек нысананы мүлт жібермей дәл көздей алудан басқа өз ерік-жігерін тізгендей білу де үлкен роль атқарады.