Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Ақ Азиададағы жарысын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Ақ Азиададағы жарысын бастайды

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Ақ Азиададағы жарысын бастайды

7-қысқы Азия ойындарының бағдарламасына сәйкес, бүгін шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы жарысын бастайды.

  • 1 Ақпан 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz


Біздің команда Ақ Азиададағы алғашқы ойынын Қытай құрамасымен кездесуден бастайды. Осы күні Жапония-Корея, Малайзия-Қырғызстан, БАӘ—Кувейт командалары өзара кездеседі. Ойындар елордада өтеді. Сонымен қатар Астанада конькимен жүгіру спортынан әйелдер 500 метрге, ерлер 500 метрге, шорт-тректен әйелдер 500 метрге, ерлер 500 метрге жарысады.

Ал Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасында ерлер арасында супергигант және әйелдердің арасында супергигант жарыстары өтеді. Бұған қоса "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде әйелдер акробатикасы және ерлер акробатикасы сындары болады. Ал Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден әйелдер командалары арасында өтетін жарыста Солтүстік Корея-Корея және Қытай-Жапония құрамалары ойнайды. Солдат шатқалындағы Шаңғы-биатлон стадионында әйелдер1,2 шақырымдық командалық спринттен , ал ерлер 1,6 шақырымдық командалық спринттен сынға түседі. Сонымен қатар осы стадионда ерлер 10 шақырымдық спринттен жарыс жолына шығады. Медеу» биік таудағы мұз айдынында допты хоккейден алдын ала ойындар өтеді.