Оған Қытайдан 2, Моңғолиядан 2 спортшы қатысуда, ал ел намысын Жібек Арапбаева мен Ақмаржан Қалмұрзаева қорғауда.
Фристайл — бұл шаңғы балеті, әуе (шаңғы) акробатикасы және могулдан тұратын тау шаңғысы көпсайысы. Шаңғы балетінде спортшы музыкалық сүйемелдеумен сырғанау, адымдау, айналу, секіру элементтерін көрсете отырып, жатық бөктер бойынша құлдилайды. Әуе (шаңғы) акробатикасында спортшылар арнайы пішілген трамплиннен күрделілігі әртүрлі секіру мен сальтолардың топтамасын жасайды.
Спортшылардың ұпайлар саны орнынан қозғалу техникасына, ұшу биіктігі және ұзындығына, акробатикалық элементті орындау сапасына, жерге қону техникасына қарап есептелінеді. Жеңімпаз екі рет секіргені үшін жинаған балдарының сомасы бойынша анықталады.
Фристайлдың акробатикасы 1994 жылдан бастап қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосылған.