2012 жылы тұғырдан секіруден Әлем кубогінің бір кезеңі Алматыда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы тұғырдан секіруден Әлем кубогінің бір кезеңі Алматыда өтеді

2012 жылы тұғырдан секіруден Әлем кубогінің бір кезеңі Алматыда өтеді

2012 жылы тұғырдан секіруден Әлем кубогінің бір кезеңі Алматы қаласындағы Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенде өтеді. Бұл туралы Алматыда еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму барысын талқылауға арналған кеңесте қала әкімі Ахметжан Есімов айтты.

  • 1 Ақпан 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

Қала басшысы кеңесте қысқы Азия ойындары кезінде салынған барлық спорт нысандары әлемдік сарапшылардың жоғары бағасын алғандығын атап өтіп, «Спорттық нысандардың барлығы өте құнды әрі әлемдік стандартқа жауап береді. Біз жоғары дәрежедегі спорттық шараларды өткізуге күш жұмсауға тиіспіз. Бұл нысандарда қалалықтар да жаттығып, туристердің қызығушылығы да артатын болады», — деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Ол бұл тарапта Президенттің өңірлік туристік орталық ретінде Алматыны дамыту туралы үлкен міндеттер қойып отырғандығын да айтты.

«Егер біз бұл міндеттерді жүзеге асыра отырып, 2015 жылы тау шаңғысы трассасын 500 шақырымға дейін ұзартатын болсақ, онда 30 мың жаңа жұмыс орны пайда болады. Бұл үлкен кіріс әкелетін экологиялық жағынан тиімді іс, демек осы ретте Азиаданың біз үшін маңызы өте үлкен», — деп қорытындылады өз сөзін кеңесте А.Есімов.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера