Азиада: ерлер және әйелдердің 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада: ерлер және әйелдердің 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы өтеді

Азиада: ерлер және әйелдердің 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы өтеді

Бүгін 7-Қысқы Азия ойындарының аясында Астанадағы «Алау» спорт сарайында ерлер және әйелдердің 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы өтеді.

  • 1 Ақпан 2011
  • 772
Фото - Caravan.kz

Қазақстан намысын бұл додада Алексей Бондарчук пен Роман Креч қорғайтын болады. Олардың бақталастары — Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы корейлік Мо Тэ Бум, Олимпиаданың сәйкесінше күміс және қола жүлдегері жапондықтар Нагасима Кеитиро мен Като Дзодзи, сондай-ақ 2006 жылы Туринде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері оңтүстіккорейлік Ли Кан Сок.

Ал әйелдер арасындағы жарыстарда қазақстандық Екатерина Аидова мен Татьяна Сокирко мықты қарсыластар саналатын оңтүстік корейлік Ли Сан Хва мен қытайлық Ван Бэйcинмен бірге сынға түсетін болады. Айта кетейік, Ли Сан Хва Ванкувердегі Олимпиадада 500 метр қашықтыққа жүгіруден алтын медаль иеленген болатын. Қытайлық спортшының қоржынында сондай-ақ Олимпида ойындарының қола жүлдесі бар.

Ойындар Астана уақытымен түскі сағат 15.00-де басталады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера